340
Қатты желдің салдарынан 12 елді-мекен электр энергиясы үзілді. Жарық болмаған соң жылу мен ауыз суда да іркілістер орын алды. Мамандар табиғи апаттың салдары,- дейді. 5 наурыз күні таңда Құрманғазы ауданында жаңбыр аралас қар жауып, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. Электр сымы бойына қатқан қар мен мұзды көтере алмай, бағаналар құлап қалған. Энергетиктер желідегі мұзды күрекпен ұрып, сындырып жүр. Ал жұмысшы бригасын күтіп шаршаған кейбір тұрғындар өз беттерінше жалғап алды. ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Игорь ӘБУҒАЛИЕВтің айтуынша, күні бүгін 10мыңнан астам абонетке жарық берілген, әлі мыңға жуық үй жарықсыз отыр. Аудандағы халық бұл – жылдар бойы жөндеу жүргізілмегеннің кесірі,- дейді.