Осы қыста шымкенттіктер көмірсіз қалмайды

Теги:
376

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында халықты көмірмен қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырма берді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 2022 жылғы қаңтар-тамызда елде 73,7 млн тонна көмір өндірілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% – ға артық екенін айтты. Көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері бойынша оның негізгі бөлімдердегі құны өткен жылғы деңгейде сақталған.

Бұл ретте сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тысқары жерлерге әкетуді шектеу жөнінде шаралар қабылданды (6 айға).

Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін қатты отынды танымал маркетплейстер мен банктік қосымшалар арқылы өткізу нұсқалары пысықталуда. Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосты.
Премьер-Министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындардағы кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

“Бұл тұтынушыларға ыңғайлы өте жақсы сандық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет”, – деді Әлихан Смайылов.

Соңында ол Индустрия министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп көмірді жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауы, ал бәсекелестікті қорғау агенттігі фактілердің жолын кесу және бөлшек сауда бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент әкімдігі үшінші мегаполисте көмірді қаланың 6 нүктесінен сатып алуға болатынын айтқан болатын.
Орталықтандырылған жылытуға қосылмаған елді мекендердің тұрғындарына жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмір қажет болады. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Қаланың көмір тасымалдаушыларының қоймаларында (“Насыров” ЖК, “Қосжанов” ЖК, “Азамат Мұнай” ЖШС, “COALBAG” ЖК, “Қазығұрт” ЖК) 35 мың тоннадан астам көмір бар, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік қала тұрғындарына көмірді алдын ала сатып алуға кеңес берді. Суық ауа райының басталуымен кезектер пайда болады, өйткені азаматтар көмірді жаппай сатып ала бастайды. Бұған жол бермеу үшін мұны алдын-ала жасаған дұрыс.
Биыл шымкенттіктер 6 жерден көмір сатып ала алады.

Қатты отынды сақтау және таратудың үш орны Яссауи көшесіндегі Достық тұрғын алабында орналасқан. Сонымен қатар, Жібек жолы көшесінде, Қойкелді батыр көшесінде және Клара Цеткин көшесінде орналасқан Қызылсай тұрғын алабында.
1 тонна көмірдің бағасы 9500-ден 15000 теңгеге дейін.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам ардагерге әлеуметтік қолдау көрсетілді
Келесі пост
Шымкентте жаңа форматтағы мектептер салынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu