341
Ақмола облысы Целиноград полиция бөліміне мешіт қызметкері хабарласқан. Оның айтуынша, 8 желтоқсан күні кешкі уақытта белгісіз адам ғимараттың пластикалық есігін бұзу арқылы сейфтен 649 мың 500 теңге ақшаны жымқырып кеткен.
Тергеу-жедел тобы оқиға орнынан саусақ іздерін алып, бейнебақылау камерасындағы жазбаның көмегімен күдікті анықталды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ол бұрын мешіттерде ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қосшы қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.