381
Алматыда ТікТок әлеуметтік желісі арқылы бірнеше тұрғынды сан соқтырып кеткен ер кісі ұсталды. Ол Қарағанды облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұсталған азаматтың 12 тұрғынды алдап соққаны белгілі болып отыр.
«Күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен жәбірленушілердің ақшасын иемденген. Тергеу кезінде алаяқтықтың 12 жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.
Тәртіп сақшылары ер кісіге алданғандар саны бұдан да көп болу мүмкіндігін алға тартып отыр. Сондықтан жәбірленушлерді полицияға хабарласуды сұрайды.