363
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында 15 жасар оқушыны көлік қағып кетті. Оқиға таңғы сағат 08:20 шамасында Ыбыраев ауылындағы Центральная көшесінде болған. 10-сынып оқушысын қаққан 62 жастағы жүргізуші Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеген.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші оқушыны Шал ақын аудандық ауруханасына жеткізген. Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізуші мас емес. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналуда.