3 жасар бүлдіршіннің өлімі бойынша бала күтуші 10 жылға сотталды

372

Талдықорғанда 3 жасар бүлдіршіннің өлімі бойынша қылмыстық іске сот нүкте қойды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жерілікті тұрғын бала өліміне кінәлі деп танылған. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалды. Сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Еске салсақ, 12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде бас жарақатын алған 3 жасар бала қайтыс болды. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынған болатын. Ол бұған дейін бала күтушісі болған.   Полицейлер бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) іс қозғады.

Алдыңғы пост
Мектеп оқушылары футболда төбелесіп қалды
Келесі пост
Шымкентте синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес қалай жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu