Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-лар жаңа кестемен жұмыс істейді

Теги: , ,
330

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы  елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 шілдесінде аяқталатынын ескертеді. Осыған байланысты мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.

Орталықтар шетелдік автокөлікті заңдастыру үшін азаматтарды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру – 20:30-ға дейін), ал сенбі күні – 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды. Айта кетейік, бұл жұмыс кестесі тек автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты, ал жүргізуші куәліктері бұрынғы кесте бойынша беріледі.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап еліміз бойынша шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Ал көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады.

Анықтама үшін төмендегі мекенжайлар бойынша білуге болады:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық мөлтек ауданы, 2343/1.
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.

Алдыңғы пост
Көлігін жудырмақ болған шымкенттік әйел темір тұлпарынан айырылды
Келесі пост
Ауруханадан 42 млн теңге жымқырған бухгалтер 1,5 жылдан кейін ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu