Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, жоспарланған жұмыс шеңберінде бюджеттеудің проблемалық мәселелері және оны игерудің ашықтығы зерделенетін болады.
Бұл туралы жұмыс тобымен кездесуде қалалық антикор басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтты.
Талдау қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға және балаларды тамақтандыруға, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруға қатысты бірқатар ұсыныстар берілетін болады.
Департаменттегілер тұрғындардан білім саласы бойынша толғандыратын мәселелерді ведомствоның taldau2023.2024@gmail.com электрондық поштасына немесе +7 747 741 76 28 WhatsApp нөміріне жолдауларын сұрайды.