Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы мереке күндері жұмыс істемейді

170

Қазақстандықтар 1 мамырда – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін, 7 мамырда – Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда – Жеңіс күнін атап өтеді. Осы мерекелерге орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағылар жұмыс кестесін жариялады. Еліміздегі  Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары (автоцон) 1, 8 және 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.

Ал сенбі 6 мамырда кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар -жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Алдыңғы пост
Антикор Шымкенттегі білім саласының жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде
Келесі пост
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүргені белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu