334
Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы Шортанды кентінің экс-әкімі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы шенеунік жазасын қауіпсіздігі орта деңгейлі түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Антикор мәліметінше, ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сотталған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.