396
Павлодар облысындағы Ертіс ауылында ішімдікке ішкен ер кісі орталық стадион аумағында іш киіммен жүрген.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, 41 жастағы тұрғын келген полицейлерге өзінің десантшы екенін және стадионды күзетіп жүргенін айтқан.
Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Сот шешімімен ол 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбеновтің айтуынша, сонымен қатар ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі “Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру” бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылған.