439
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіге 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленді деген айып тағылған. Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.