Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық бағыттағы конкурс басталмақ

340

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдаған болатын. Ондағы басты шарт – қазақстандықтардың табыс деңгейі болмақ. Жалпы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқан 2 жыл ішінде баспана құрылысына түрлі қаржы көздерінен 3,3 трлн теңге инвестиция салынған.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша қосымша конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымынан – 10 шілде аралығында  жүргізіледі. Өтініштер тұрғын үй  кезегінде тұрған барлық азаматтардан, сонымен қатар  “Бақытты отбасы” бағыты бойынша  мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар,  толық емес отбасылар санаттары бойыныша да азаматтардан  қабылданады:

Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Аталған пәтерлер   Тұран шағын ауданында орналасқан 12 қабатты  №46,№47,№48 тұрғын үйлерде орналасқан. Жалпы 1-бөлмелі пәтер саны 18, оның ең үлкен аумағы 32,98 ш.м. құрайды.

Айта кету керек, конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек, ал  «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы жинақталуы тиіс. Конкурстан өткен қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделеді.

Бақытты отбасы бағытына тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған,  сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.

Бағдарлама жобасының негізгі мақсаты – үйдің қолжетімділігін арттыру. Әрбір қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін өз табысына қарай шешуге мүмкіндік берген. Бұл ретте қолдауға мұқтаж, әлеуметтік әлсіз топтарға басымдық берілуде. Айта кетейік,  қазіргі таңда Шымкентте 40 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Сонымен қатар, күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына арендалық үй алуға болады.

Бұдан бөлек,  Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының мамандары қатыса алады.

Алдыңғы пост
Жылу беру маусымына дайындық шаралары жүргізілуде
Келесі пост
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 1400 –ге жуық азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu