Шымкентте полицейлер кортежді тоқтату үшін екі көшені жауып тастады

Теги: , ,
304

Шымкент полицейлеріне кортежді тоқтату үшін екі көшенің екі басын жауып тастауға тура келді.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтаған. Содан тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастаған. Нәтижесінде кортежге қатысқан 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оларға 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқана, BMW және Toyota Camry жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Шетелдік Mersedes Benz S550 және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын (жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау) бұзды.

Hyndai Sonata автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБт-нің 599-бабын (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту) бұзған.

Авариялық жағдай туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Бірден ҚР ӘҚБтК-нің 590, 597, 602-баптары бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол бір уақытта көлік құралдарын пайдалану ережелерін, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзып, сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қамады.

Алдыңғы пост
Шымкенттіктерге мереке күндері қалай уланбау керектігі айтылды
Келесі пост
Шымкент қаласы халқы ең жас өңірлер тізіміне кірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu