489
Түркістан қаласында тәртіп сақшылары “Қорғау” бағдарламасының көмегімен төленбеген 40 айыппұлы бар көлікті анықтады.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерін патрульдеу кезінде “Қорғау-қауіпті жүргізуші” мобильдік бағдарламасының көмегімен “Mercedes Benz” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің 530 мың теңгеден астам төленбеген 40 айыппұлы бары анықталған. Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының көпшілігі жылдамдық режимін бұзумен байланысты.
Полицейлердің мәліметінше, бұдан өзге автокөлік иесінің жеке сот орындаушысының қаулысы бойынша 2 миллион теңгеден астам берешегі бар екені белгілі болды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.