461
Шымкентте аптап ыстыққа шыдай алмаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пада болды. Онда жалаңаш ер кісі Төлеби көшесі бойындағы жолдың қақ ортасында жасыл желекті суғаратын суға шомылып жатқанын көруге болады.
Полицейлер әлеуметтік желіні бақылау кезінде көшенің қақа ортасында салқындауды шешкен орта жастағы ер адамның видеосын тапты. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жіберетін болады.