452
Өскеменде қала көшелерінде серуендеп жүрген әйел кәріз құдығына құлап кетті. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар қала тұрғынын құтқарып қалды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кәріз құдығының тереңдігі шамамен 5 метрдей болған. Оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында орын алған.
Орта жастағы әйел құдыққа байқамай құлап кеткен сәтте қасында ер адам болған. Ол дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.
ТДЖ мамандандырылған жасақ қызметкерлері арнайы құтқару жабдығымен әйелді кәріз люгінен шығарып алды. Содан кейін оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.