Көшеде серуендеп жүрген 51 жастағы әйел кәріз құдығына құлап кетті

Теги: , ,
241

Өскеменде қала көшелерінде серуендеп жүрген әйел кәріз құдығына құлап кетті. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар қала тұрғынын құтқарып қалды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кәріз құдығының тереңдігі шамамен 5 метрдей болған. Оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында орын алған.

Орта жастағы әйел құдыққа байқамай құлап кеткен сәтте қасында ер адам болған. Ол дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.

ТДЖ мамандандырылған жасақ қызметкерлері арнайы құтқару жабдығымен әйелді кәріз люгінен шығарып алды. Содан кейін оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
Келесі пост
Шымкент тұрғыны көшеде дәрет сындырып, дүкен сатушысына дөрекілік танытқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu