Жыл басынан 80 мыңнан астам жолаушы әйелдер вагондарында жол жүру мүмкіндігін пайдаланды. Ал ал пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап олардың саны 200 мыңнан асқан.
“Қазақстан темір жолы” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Ұлттық тасымалдаушының бұл қызметін 8 бағыт бойынша пайдалануға болады: Алматы – Өскемен, Алматы – Маңғыстау, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана, Ақтөбе – Алматы, Астана – Алматы, Астана – Шымкент.
bilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларында жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде «әйелдер» вагоны «ЖН» арнайы литерасымен белгіленеді.
Жолаушылардың жайлы сапарлауы үшін жол жүру жолында әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін атап өткен жөн. Әр рейс алдында пойыз бригадасының барлық қызметкерлері нұсқаудан өтеді.
Айта кетейік, әйелдер вагондарында 7 жасқа дейінгі ер жолаушылардың жол жүруіне рұқсат беріледі.