330
Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батып кеткен 11 адам бір әулеттің мүшелері. Олардың 8-і кәмелет жасына толмаған балалар. Төтеншеліктер қазіргі таңда 8 адамның денесін алып шықты. Оның екеуі балалар.
Түркістан облысының әкімдігінің мәліметінше, олар тойдан қайтқан. Содан өзен жағасына тынығып алмақ болып тоқтаған екен. Арнайы шомылу үшін бармаған және ол жер шомылатын орын емес екендігін білген. Бір баланың аяғы тайып құлап, бәрі көмекке ұмтылған. Сол сәтте суға бірінен соң бірі батып кеткен көрінеді.
Еске салсақ, 21 тамыз күні кешкі уақытта Отырар ауданындағы Көксарай ауылына жақын жердегі Сырдария өзенінде 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері.