Төтенше жайдайлар министрі Сырым Шәріпханов Сырдария өзенінде 11 адамның суға бату оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Үкімет кулуарында тілшілер сауалына жауап беру кезінде айтты.
«Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қайғылы оқиға қалай болғанын тергеу органдары анықтайтын болады. Белгілісі, ол жер шомылуға арналмаған. Төрт отбасы демалуға барған. Өкінішке орай осындай жағдай орын алды. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі тексеруден кейін анықталады», – деді министр.
21 тамыз күні кешкі уақытта Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері. Суға батқандардың 8-і кәмелет жасына толмаған балалар. Төтеншеліктер қазіргі таңда 9 адамның денесін өзеннен алып шықты. 2 баланың денесін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.