Су жиналу қаупі бар 58 орын анықталып, ирригациялық жұмыстар жүргізілуде

315

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет басшысы биылғы көктем оңай болмағанын, сондықтан су басу қаупінің алдын алу үшін екі апта ішінде халықты су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды және тасқынға дайындық барысын бақылау қажеттігін атап өтті.

Шымкент қаласына келсек, 2023 жылдың көктем айларындағы жауын-шашын мезгілінде жалпы қала аумағынан су жиналу қаупі бар  58 орын анықталып, қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 каналдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, арналар қоқыстан тазартылуда.

Алдағы уақытта қалған су басу қаупі бар көшелер мен аумақтар да арнайы техникалармен жабдықталып, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау жалғасатын болады.

Сондай-ақ, «Ақжар» су қоймасының күрделі жөндеу жұмыстарына биыл жобалық сметалық құжат әзірленіп, 2024 жылы құрылыс жұмыстары атқарылады деп күтілуде.

«2021-2023 жылдардағы су тасқынына қарсы іс-шаралар» жол картасы бойынша қала аумағындағы су шаю қаупі бар 6 елді мекен: Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан ағып өтетін «Бадам» өзенінің арнасын бекіту және нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мегаполистегі кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу мақсатында қазіргі тазарту имаратының жанынан қосымша кешен құрылысы салынуда.

Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазаарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың м3 ағын суды өткізе алады.

Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы.  Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды.

2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне  Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады.

Алдыңғы пост
Тұрғын үй кезегіне қатысты мемлекеттік қызметтер мен мәліметтер ашық жарияланады
Келесі пост
Жасыл желектерді ретке келтіру жұмыстарына күн сайын 27 техника, 75 жұмысшы тартылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu