Түркістан облысында вакцина салдырмаған балалар қызылша жұқтырған

Теги: , ,
319

Түркістан облысында ата-аналары вакцинадан бас тартқан балалардың көбі қызылша ауруын жұқтырған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер мәлімдеді. 

Жыл басынан бері өңірде қызылша аурушаңдығынан 119 күдікті жағдай тіркеліп, 70-і зертханалық қорытынды бойынша дәлелденген. Оның ішінде 48-і 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекция жұқтырғандардың көбі Ордабасы (25), Сауран (12), Қазығұрт (9), Шардара (5) ауданындарында тіркелген. Эпидемиологтар жүргізген талдаулар нәтижесінде қызылша инфекциясына шалдыққандардың көбі қызылшаға қарсы вакцинадан бас тартқандар.

Айта кетейік, қызылша ауруы – көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды.

Қызылшаның алдын алуда тиімді де баламасыз шаралардың бірі – екпе алу. Қызылшаға қарсы бірінші екпе 1 жаста, 2-рет бала 6 жасқа толғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, иммунитет сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді.

Алдыңғы пост
«Ақшадан тарыққан». Шымкентте барымташылықты кәсіп еткен жас жігіт сотталды
Келесі пост
Шымкентте прокуратура ғимаратында ер адам үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu