Қазақстандық қауын мен қарбыздар Еуропада сұранысқа ие

Теги: , ,
431

Мемлекеттік кірістер комитетінде бақша дақылдары қарбыз бен қауын туралы қызықты фактілермен бөлісті.

2023 жылдың небәрі 7 айында Қазақстанға салмағы 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын 8 911,1 мың АҚШ долларына импортталған. Олар: Өзбекстаннан 34,0 мың тонна (6 444,2 мың АҚШ доллары), Ираннан 3,1 мың тонна (2 389,8 мың АҚШ доллары), Тәжікстаннан 421,5 тонна (65,3 мың АҚШ доллары).

Салмағы 2,9 мың тонна құны 959,6 мың АҚШ долларының бақша өнімдері экспортталды. Оның ішінде Моңғолияға 940,8 тонна (59,6 мың долларға), Латвияға 574,2 тонна (218,3 мың доллар), Украинаға 716,0 тонна (467,6 мың долларға), Германияға 252,3 тонна (125,5 мың долларға), Польшаға 271,3 тонна (56,1 мың долларға), Эстонияға 115,2 тонна (16,4 мың долларға) және т.б.

2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда экспорт 1,8 мың тоннаға өскені байқалады.

Комитет мәліметінше, жалпы 2021-2022 жылдары Қазақстанға шет елдерден құны 23 257,53 мың АҚШ долларға салмағы 97,5 мың тонна қарбыз бен қауын әкелінген. Соңғы екі жылда негізгі жеткізуші елдер қатарында: Өзбекстан – 66,1 мың тонна 10,7 мың АҚШ долларына, Иран – 4,2 мың тонна 2,6 мың АҚШ долларына, Тәжікстан – 1,3 мың тонна 204,4 мың АҚШ долларына.

“2021 жылы салмағы 10,1 мың тонна құны 3,6 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 16,2 мың тонна 5,8 мың АҚШ долларын құрайтын қауындар әкелінген. Өзбекстаннан 25,5 мың тонна 9,2 мың долларына, Ираннани 393,1 тонна 114,4 мың долларына, Түркіменстаннан 116,3 тонна 54,5 мың долларына, Тәжікстаннан 114,6 тонна 40,4 мың долларына қауын импортталған. Сондай-ақ, қарбыз бен қауын Бразилия, Коста-Рика, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Таиланд, Испания, Нидерланды сияқты елдерден әкелінеді” делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетерлігі, біздің қазақстандық қарбыздар мен қауындар ТМД елдерінің нарығында бұрыннан танымал болғанымен, Еуропаға да белсенді экспортталады.

Сонымен, 2021-2022 жылдары Қазақстаннан барлығы 7,2 мың тонна 2,2 млн АҚШ долларына қарбыз мен қауын экспортталды. Экспорттың негізгі бөлігін қауындар құрайды. Екі жыл ішінде Латвияға 2,6 мың тонна құны 883,2 мың доллар, Украинаға 2,2 мың тонна құны 739,3 мың доллар, Германияға 741,2 тонна құны 384,85 мың доллар, Польшаға 114,6 тонна құны 38,6 мың долларға бақша өнімі экспортталды. Одан бөлек Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония сияқты елдерге де қазақстандық қауын жөнелтілді.

Алдыңғы пост
Түркістандық келіншек жас жігітті WhatsApp арқылы сазға отырғызып кетті 
Келесі пост
Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген жас жігіт асылып өлді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu