Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігі төмендеуде

237

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек 2023 ж.Алматыда 22-23 қыркүйектеөткен «Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар» аттыхалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстанныңжетекші неонаталдық офтальмологтары Қазақстанда ретинопатиясалдарынан жаңа туған сәбилердің көзі көру бойынша мүгедектіктіңөсуі тоқтатылғанын растады. Бұл дәрігерлердің, қайырымдылыққорларының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің күш-жігерініңбірігуінің арқасында мүмкін болды.

Қазақстанда жыл сайын 22 000-нан астам шала туған нәрестелердүниеге келеді. Толық соқырлықтың даму қаупі жоғары аймақта 4000 бала бар, оларда көз торының ауыр дертішала туған нәрестелердіңретинопатиясы анықталады. 2023 жылғы қыркүйектегі жағдайбойынша тәуекел аймағындағы шала туған нәрестелердің 3100-ден астамы немесе 78%-ы диагностикадан өтті, олардың ішінде 927 балажоғары білікті офтальмолог дәрігерлерден уақытылы медициналықкөмек алды, олар 24-тен 72 сағатқа дейінгі уақыт аралығындакөрсетілді.

Шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикалаудәрігердің жоғары кәсібилігін және мамандандырылғанжабдықтардыңофтальмоскоптардың, ретиналды камералардың, офтальмологиялық лазерлердің болуын талап етеді. ҚР Денсаулықсақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғаудепартаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, қайырымдылық қорларының қолдауының арқасында Қазақстандашала туған сәбилердің ретинопатиясы проблемасы сәттішешілді:

«Бала туғаннан бастап мүгедектік деңгейін төмендету үшін біздің алдымызда күрделі міндет тұрды – қысқа мерзім ішінде жаңа туған нәрестелердің барлығын диагностикалық құрал-жабдықтардың өткір жетіспеушілігі кезінде офтальмологиялық скринингпен қамту. AYALA қайырымдылық қоры мен «Қазақстан Халқына» қорының бірлескен күш-жігерінің арқасында өңірлерден келіп түскен сұратулар бойынша офтальмоскоптарға деген барлық қажеттіліктер сәтті жабылды. Балаларға медициналық көрсетілімдер болған жағдайда лазерлік түзету Астана мен Алматыда ғана емес, еліміздің жеті перинаталдық орталығында жүргізіледі. Бұл ел үшін айтарлықтай жетістік. Ол денсаулық сақтауды жақсарту және балалардың көру қабілетін сақтау бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын көрсетеді. Жаппай офтальмологиялық скринингті енгізу және лазерхирургиялық оталарды жүргізу жаңа туған нәрестелердің көру қабілетін дер кезінде диагностикалау мен емдеуді қамтамасыз етеді деп үміттенеміз», – деп атап өтті Мағрипа Ембергенова.

Еліміздің 16 медициналық орталығы офтальмоскоптармен, 5 лазерлік қондырғылармен және 5 ретиналды камералармен қамтамасыз етілді. Офтальмологтардың, қайырымдылық қорларының энергиясы мен білімінің бірігуі, қазақстандықтар мен демеуші компанияларды қолдауы небәрі 1,5 жыл ішінде еліміздің ең кішкентай азаматтарының соқырлығын болдырмауда үлкен серпіліс жасады.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын жүздеген бала өз аналарының көзінен жарық пен махаббат көрмей, жыл сайын көру қабілетін жоғалтатын еді. Ата-аналар шетелде ретинопатияны емдеуге жіберуді сұрап, қайырымдылық қорларына бірнеше мәрте жүгінуге тура келді. Өкінішке қарай, мұндай емделу әрдайым сәтті өтпеді, себебі ең ерте кезеңде, туғаннан кейінгі алғашқы айда ретинопатияны тоқтату үшін қымбат уақыт өтіп кетті. Қазір елімізде шала туған нәрестелердің көз торын диагностикалау да, лазеркоагуляциялау да жаппай жүргізілуде. Шала туған адамдардың ретинопатиясы індетінің тоқтауында кешенді тәсіл басты рөл атқарды.

Бұл 15-тен астам балалар офтальмологының кәсіби біліктілігін арттыру, Ретинопатия бойынша ұлттық клиникалық хаттаманы оның бас әзірлеушісі – медицина ғылымдарының кандидаты Әсел Үсенбайқызы Шарипованың бекітуі және Қазақстанның барлық перинаталдық орталықтарын қажетті диагностикалық және лазерхирургиялық жабдықтармен қамтамасыз ету», – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«ДОМ» қоғамдық қорының және Аружан Саинның арқасында ұзақ жылдар бойы балаларға шетелде ауыр, іс жүзінде қайтымсыз ретинопатия түрлерінде хирургиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанда және елден тыс жерлерде неонаталдық офтальмологтар үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары ұйымдастырылуда. Елімізге алғаш рет әлемдік ауқымдағы шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу бойынша жетекші мамандар – KIDROP бірегей бағдарламасын әзірлеушілердің бірі доктор Ананд Винекар (Anand Vinekar) және балалардың витреоретиналдық хирургиясы бойынша ірі халықаралық сарапшы доктор Нихил Пал (Nikhil Pal) келді. Үндістандық мамандар шала туған нәрестелердің ретинопатия проблемасын энтузиаст дәрігерлердің белсенді қатысуымен және қайырымдылық ұйымдарын қолдаумен мемлекет деңгейінде кәсіби тұрғыдан шешуге назар аударды.

«Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы соңғы жылдары ата-аналардың қорға өтініштері бойынша ең жиі кездесетін диагноз болып табылады. Біздің «ДОМ» қоры жұмыс істеген уақытында 2369 балаға 3 751 ота, оның ішінде 2010-2023 жылдар аралығында 632 ретинопатия отасын төледі. Балалар Ресейдің, Үндістанның клиникаларына жіберіледі, онда офтальмолог хирургтер олардың көру қабілетін сақтап қалуға тырысады. Қазақстанда шала туған сәбилердің ретинопатиясы кезінде медициналық көмекті дамыту бастамашысы және хедлайнері Әсел Шарипова секілді дәрігерлер еңбек етіп, осы мәселені әртүрлі деңгейде ілгерілетуде. Бұл дарынды адамдар ауруды дер кезінде анықтап, біздің ең кішкентай пациенттерге ота жасайды. Ауруханаларды диагностикалау мен ота жасауға арналған жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтау түріндегі баға жетпес көмекті ел AYALA қорынан алады, бұл үшін оған алғысымыз шексіз»,деді Аружан Саин.

«Ерте туғандардың ретинопатиясы» жобасыныңбастамашысы және әзірлеушісі Әсел Үсенбайқызы Шарипова бұлмәселенің қазақстандық балалар офтальмологтарының кәсібилігі менбіліктілігіне, дәрігерлердің жанқиярлығына, олардың қиындықтардыеңсеруге және өсуге дайындығына сенетін кішкентай пациенттердіңата-аналары тарапынан саналы түрде қатысуы мен дұрысқабылдауының, сондай-ақ қайырымдылық қорларының қолдауыныңарқасында еліміздегі балалар соқырлығы проблемасын шешудеосындай керемет нәтижелерге қол жеткізілді деп санайды: «Осысебептен ғана біз шала туған сәбилердің ретинопатиясыпроблемасын өлі нүктеден жылжытып, Қазақстандағы әрбір шалатуған баланы осындай қысқа мерзімде көру қабілетін қамтамасызете алдық».

Редакциялар үшін

AYALA қайырымдылық қоры Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз қайырымдылық қоры. 16 жыл ішінде қор 2,7 млрд теңгеден астам қаражат тартып, перинаталдық орталықтардың, балалар ауруханалары мен ғылыми орталықтардың 67 реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтауға бағыттады. Бұл 2007 жылдан бері елден тыс жерлерде емес, Қазақстанда жүздеген мың баланың өмірін сақтап қалуға көмектесті. www.ayala.kz

Байланыс:

Наталья Еськова, коммуникациялар жөніндегі вице-президент, natalya@ayala.kz, + 7 701 211 0672

Алдыңғы пост
Көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған
Келесі пост
Шымкентте 2-сынып оқушысын жүк көлігі қағып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu