425
Бұл туралы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы жеткізді. Оның айтуынша, 12 қазанда Президенттің қабылдауында болған. Сол мезетте мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынған екен.
Нақтырақ айтар болсақ, эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.
Осыған орай, Президент бұл жобаға қолдау көрсетіп, алғашқылардың бірі болып, 7 млн теңге жарна аударды.