Астанада 5 пациентке роботпен тізе ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды

459

Бүгінгі таңда тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операциялары халық арасында үлкен сұранысқа ие.

«Жақында бізде робот-ассистенттің көмегімен тізе буынын толық эндопротездеу бойынша операциялар жасалды. Робот – бұл біздің қай жерде екенімізді көріп қана қоймай әрі бір миллиметрге дейін, бір градусқа дейін құралдың орнын реттей алатын ақылды құрал, ал адам дәл ол сияқты тұп-тура көре алмайды.

Нәтижесі жаман емес.

Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Олар балдақтың көмегімен жүре алады.

Операцияға дейін олардың қозғалуы қиын болатын. Қазір операциядан кейін оларға еш шектеу жоқ, буындары бүгіліп, толық қозғалыса алады.

Тізе буынын эндопротездеу шамамен 2 млн теңгені құрайды, оған импланттар, операция, күніне төсек-орын, анестезия, қажеттілік бойынша барлық тексерулер мен емдеу кіреді. Барлық операциялар МӘМС жүйесінде пациенттерге тегін жүргізілді», – деді Н.Ж.

Батпенов атындағы ҰҒТО бөлімшесінің №7 травматолог-ортопед дәрігері Жұмахан Сләмов.

Айта кету керек, 2023 жылдың басынан бастап Астана дәрігерлері 35,2 млн теңге сомасына тізе мен жамбас буындарын ауыстыру бойынша операциялар жасады.

Алдыңғы пост
Еліміз Иранға мұздатылған ет экспорттамақ
Келесі пост
Деструктивті діни ағым жақтаушылары есірткі сақтаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu