613
Бірақ, бұл жаңалық Алматылық тұрғындарға қатысты. Екінші дүниежүзі соғыс ардагерлеріне бұған дейін 1 миллион теңге көлемінде бір реттік көмек берілген. Өткен жылы аталған көмекті 56 ардагер алды.
Қазіргі таңда қала аумағында 44 ардагер тұрады екен. Енді олардың әрбірі Жеңіс күніне орай 2 миллион теңгеден алады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының еңбек министрлігінің ұсынысына сәйкес Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен оларға теңестірілген азаматтарға ақшалай төлем жасаған жағдайда, қаржылық ынталандырудың барлық өңірде бірдей мөлшерде болуын қарастыру көзделген болатын. Биылда бұл үрдіс жалғасады ма? Десе де, қазыналы қарияларымыздың саны азайып барады.