Қорғаушы: “Салтанатты өлтіргісі келсе, өлітіріп қала сыртына алып барып, көміп тастайтын еді”

303

Атышулы Бишімбаевтың сот ісі жалғасуда. Жарыссөз барысында экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов, “Қорғалушым,Салтанатты өлтіргісі келсе, қала сыртына апарып, өлтіріп, көміп тастауына болар еді” немесе “кісі өлтіруші жалдайтын еді”,- деп отыр

“Елестетіп көрейікші, егер Бишімбаев кісі өлтіруді жоспарласа, ол мұны өз қолымен жасай ма? Бишімбаев кісі өлтіру әрекетін өз қолымен жасағысы келді делік. Ол мұны іске асыру үшін кісі өлтіру қаруын алдын ала дайындап, Нүкенованы қауіпсіз жерге апарып, өлтірер еді. Сосын мәйітті жасырып, қылмыс орнынан тезірек кетуге және қаржылық мүмкіндіктерін пайдаланып Қазақстанды қашып кетуіне болар еді”, – деді адвокат.

Сонымен қатар, қорғаушы Бишімбаев Салтанатты жылына үш ақ рет ұрған деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Олардың, еш кедергісіз демалғанын алға тартып, шалқып өмір сүргенін тілге тиек етті.

“Алайда олар жақсы демалды, қалаған жеріне барып не қалайды соны жеді. Қымбат киімдер киініп, әшекейлер тақты. Ал ұрып-соғу үш рет қана болған. Енді әр отбасына кіріп бақылап, әрқайсының күйеуіне 4-тен 7 жылға дейін берейік”, – деді адвокат.

Алдыңғы пост
Қырғыстанда жүк көлігі 29 баланы қағып кетті
Келесі пост
Мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген 32 адам сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu