301
Астанада белгісіз ер адам саңырау көлік жүргізушісіне боғауыз сөз айтып, әбден қорлаған. Жағымсыз жағдай, көлік ішінде орын алған. Автокөліктің ішінде екі жолаушы ер адам болған. Алдында отырған азамат, саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне дөрекі сөйлей бастап, аузына келгенін айтқан.
Олардың көлік ішінен түсірілген видеосы желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.
Құқық қорғау өкілдері тез арада жолаушының жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі таңда, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Фото: видеодан алынды