260
Қостанай облысында полицейді өз үйінің ауласында өлтіріп кеткен. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екен.
«Аса ауыр қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Қазір қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, марқұм криминалист болып жұмыс істеген. Және ол еңбек демалысында болған.