297
Оқиға, «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 794 шақырымында Хромтау ауданында орын алған. Яғни, дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігі тып-типыл өртеніп кеткен.
Құтқарушылардың күшімен 1991 жылы туылған көлік жүргізушісі құтқарылды. Ол, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне табысталды.
Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ естеріңізге салады:
♦️Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап көлікті тоқтату керек.
♦️Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек.
♦️Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарыңызды алып, өрт туралы 112 нөмеріне хабарлау қажет!