Түркістан облысы Келес ауданындағы жеке балабақшада жаппай тамақтан улану орын алып, 34 бала зардап шекті. Қазіргі таңда, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады kazinform.
Нақтырақ айтар болсақ, таңғы астан соң, балалар өздерін жайсыз сезінген. Тәрбиешілер, дәрігерлерді шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірден балалар ауруханаға жеткізіліп, бақылауға алынған.
– Жеке балабақшадағы балалардың улануы бойынша іс, Түркістан облысы білім басқармасының бақылауында. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балаларға таңғы асқа берілген ботқа мен сүттің құрамы сараптамаға жіберілді. Ал, ауруханада жатқан балалардың жағдайын дәрігерлер мұқият бақылауға алды. Осы жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлады Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.