218
Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арам ойлы күдіктінің жолын кесті. Ол әлеуметтік желіні пайдалану арқылы адам саудасымен айналыспақ болған.
“25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды”,– деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Фото: видеодан алынды
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.