Жалған риэлторлар тар қапасқа қамалды

261

Астана қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

Алаяқтар “Отбасы банкінде” ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдеу мүмкіндігі туралы жәбірленушілерді жаңылыстырған. Мәселен, күдіктілер жәбірленушілердің біріне “Отбасы банк” АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған.

Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер берген. Кінәлі тұлғалар өз әрекеттерінің жалған заңдылығын көрсету мақсатында дара кәсіпкерлік кеңсе бөлмесін ашқан. Нәтижесінде, 27 жәбірленушінің ақшасын алдап, иемденіп алған. Келтірілген шығын 30 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Ал, материалдық залал сотталғандардан өндірілді.

Алдыңғы пост
Ербаянның дәрменсіз күйге түсуіне дәрігерлер кінәлі ме?
Келесі пост
Қарақшылық жасап сотты болған азамат Ресейде қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu