143
Бақ беттерінде Ұлытау облысында балаларды қанау фактісі жарияланған болатын. Тексеру қорытындысы бойынша Р.Ж.Садықова 2018 жылы шаруа қожалығының иесі ретінде мал бағу қызметкерлеріне төленетін жалдау ақысын үнемдеу мақсатында «Орталықтан қиын өмірлік жағдайға тап болған 3 кәмелетке толмаған балаларды патронатқа алғаны анықталды (2 ағайынды ұл бала және қыз бала) деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Р.Ж.Садикова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген.
Егер, бағынбау және жұмысты сапасыз атқарған жағдайда Р.Ж.Садикова балаларды жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы физикалық және психикалық азапқа ұшыратқан.