289
Шу-Мойынқұм тасжолында, “Audi” автокөлігі мен “Газель” соқтығысып, арты өртке ұласқан. Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, жеңіл көлікке қақтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық неміс көлігі өртеніп, ішіндегі адамдарды шығаруға тура келген. Абырой болғанда, сол жерден орманшы табыла кетіп, жүргізушіні, балаларды шығарған. Анасы сол жерде көз жұмған.
«Көлік ішінде жүргізуші, бір жігіт, артқы орында әйелі мен екі баласы бар екен. Бірінші жүргізушіні, сосын жігіт пен нәрестені шығарып алдық. Бір жігіт келіп көмектесті, екеуіміз шығардық. Жігіттің келіншегі жүріп кетіпті. Сосын 1,5 жастағы қызды шығардым»,- дейді азамат.
Қазіргі таңда, жарақат алғандар ауруханада ем алуда. Ал, жол көлік апатына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.