210
28 қыркүйек күні Астанада Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы оқиғаның куәгері болған деп хабарлайды polisiakz.
Оқиға орнына бірінші келген полиция қызметкерлері ішіндегі адамдарға көмектесіп, өртеніп жатқан ғимараттан эвакуациялады.
«Адамдар көшеге шығып жатты, бірақ кейбіреулері ішінде қалып қойды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкімнің қалмағанын тексердім. Бақытымызға орай, іште ешкім болмады. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді, және біз ғимаратта төрт газ баллоны бар екенін ескерттік», — деді полиция қызметкері Диас Әбітбек.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрт ауыздықталды.