129
«Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген.
Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.
«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 6 қазан күні 189 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама – Еxit poll жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы «иә» десе, 30,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.
Айта кетейік, жалпы елімізде 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Ал дауыс беру құқығына ие 12 244 683 адам бар. Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылды.