169
Қарағанды облысы ХҚКО бұрынғы басшысы мен орынбасарының бас гарасы қамауға алынды. Олар, жүк көліктерін заңсыз, бастапқы тіркеуден өткізген. Яғни 33 көлікті бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізген.
Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.
Қазіргі таңда, олардың мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.