Жамбыл облысы, Жуалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында «Көксай» этно-туристік инновациялық демалыс аймағын салған инвестордың құқықтарын қалпына келтірді деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім аясында инвестициялық кешеннің орташа жөндеуіне сметалық құжаттаманы әзірлеуге 4,2 млн теңге бөлінген.
Сметалық құжаттама үш кезеңде дайындалуы тиіс еді.
Алайда орташа жөндеу жұмыстары 3 ай бойы аяқталмаған.
Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап демалыс аймағына апаратын жолдың құрылыс мәселесі созылып, бұл тұрғындарғы қосымша қиындықтар туғызған.
Нәтижесінде прокуратура актісі негізінде инвесторды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Жергілікті атқарушы орган кешенге апаратын жолдың құрылысын қаржыландырды.
Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерін көбейтуге және туризмнің дамуына ықпал етеді.
Осылайша, прокуратураның шаралары инвестордың құқықтарын қалпына келтіруге және өңірдегі инвестициялық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге ықпал етті.