10 млн теңге: Қарызға белшеден басқан жүргізушілердің көлігі айыптұраққа қойылды 

30

Шымкентте «Қорғау» жүйесі арқылы құқық бұзушылар анықталды.

Интеллектуалды жүйе Шымкент көшелерінде берешегі бар автокөліктерді анықтады. Мәліметке сәйкес, “Toyota Camry 40” иесі 7 млн теңге, ал “Toyota Camry 70” басқарған азамат 10 млн теңгеден астам қарызын төлеуден жалтарып жүрген деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі істер департаменті.

Жедел басқару орталығының инспекторлары көліктерді тоқтату үшін патрульдік полицейлерді бағыттады. Жүргізушілерге берешегін өтеу қажеттігі туралы ескертіліп, көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Айта кетейік, «Қорғау» қосымшасы нақты уақыт режимінде жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздеуде жүрген көліктер туралы да полицияға хабар береді. Сонымен қатар, жүйе жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтауға көмектеседі.

Алдыңғы пост
Алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды
Келесі пост
Аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған оқу ордасы анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu