Қарағанды облысы Мемлекеттік мүлік департаментінің басшысы сотталды

101

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандық соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д. Хамзин мен осы департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К. Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.

Сот үкіміне сәйкес, Д. Хамзин Қазынашылық департаменті ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан бөлек, Хамзин мен Қашқынбаев қызмет бабын асыра пайдаланып, өздерімен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен Д. Хамзинге 55 миллион теңге, К. Қашқынбаевқа 25,4 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, екеуіне де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Алдыңғы пост
Батыс Қазақстан облысында интернет арқылы есірткі таратқан қылмыстық топ әшкереленді
Келесі пост
Түркияда жер сілкінісі болып, жасөспірім ажал құшты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu