Ақтөбедегі тау-кен байыту комбинатында екі жұмысшы қаза тапты

217

Қайғылы жағдай, Хромтаудағы Дөң тау-кен байыту комбинатында орын алған.

Апатты жағдай, бейнежазбаға түсіп қалған. Жүк көлігі, жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмағаны көрініп тұр. Қияға аударылып түскен.

«Қазхромның» хабарлауынша, оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері жарақаттанып, көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді», – деп хабарлады «Қазхром» ТҰК» АҚ Корпоративтік коммуникация қызметі.

Ал, Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

«Қылмыстық кодекстің «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген ПД хабарламасында

Алдыңғы пост
Тағы да тастанды сәби табылды
Келесі пост
Ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізгендер ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu