Үндістандық Monnet Group Жамбыл облысында ферроқорытпа зауытын салады

353

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров үндістандық Monnet Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар облыста салынуы жоспарланған ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасын талқылады. Зауыт жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец (FeSi75) өндірісін жолға қоймақ. Ол бойынша 450 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Зауыттың қуаттылығы – 35 мың тонна өнімді құрайды.

– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан инвестициялық ахуалды үнемі жақсартуға барынша көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілуде,-деді Нұржан Календеров.

Monnet Group компаниясының директоры Рунгта Маниш жобаның өңірдің экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімдігі мен үндістандық компания өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алдыңғы пост
​17 қараша – халықаралық студенттер күніне орай, «қызыл диплом» толықметражды кино көрсетілімі өтеді
Келесі пост
Шымкентте «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu