Қызылордада 82 жастағы қария жалғыз өзі 2 млн түп ағаш еккен

520

​Ақсақал бағбандықпен айналысуды бала күнінен бастаған. Оның отырғызған ағаштары қазір қаланың әр аумағында жайқалып өсіп тұр, деп хабарлайды Elitar.kz Экспресс К-ке сілтеме жасап.

Қарт бағбанның есімі — Бектай Сүлейменов. Ол айналасын жасыл-желек қылып, ағаш отырғызуды 12 жасында бастапты. Кейін бұл ісін кәсіпке айналдырған. Қазірге дейін өзі еккен талдарының саны 2 миллионға жетіп жығылады екен.

Қызылорданың топырағы тұзды. Мұнда ағаш ексең өліп қалады дейді көбі. Бірақ ол жалқаудың сөзі. Қылқан жапырақтыларды 11 жыл бұрын ектім. Қазір 5 метрге дейін өсті,

— дейді Бектай Сүлейменов.

Расымен, Сыр өңірінің ауасы құрғақ, топырағы тұзды болғандықтан көпшілік мұнда еккен ағаштар бірден өніп кете бермейді деп ойлайды. Бірақ ақсақал мұны жоққа шығарады. Бабын тапса, кез келген өсімдікті жерсіндіріп, жайқалтуға болатынын айтады.

Қазір өзім баптап отырған бақта талдардың 20 түрі өсіп тұр. Оның ішінде жеміс ағаштары да бар. Жалпы саны 2 мың түптен асады. Тіпті тропикалық анар ағашынан жеміс алып отырмын. Тек тәсілін білу керек, ерінбеу керек,

— дейді қарт бағбан.

Бектай Сүлейменов аумағы үлкен бақты өзі күтіп, баптайды. Көмекшісі — құдай қосқан қосағы. Айтса сенгісіз, бірақ бағбанның бағына келіп тұрған су жоқ. Ол мұндағы жайқалып тұрған ағаштардың барлығын насос қондырғысымен-ақ суарып отыр.

Алдыңғы пост
​Зейнеткер әжей қарт тұрғындарды сазға отырғызып кеткен
Келесі пост
Шымкент: мектеп және колледж тәрбиешілерінің, педагогтарының жалақысы 25% – ға артады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu