221
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуы бойынша мопедтердің қатысуымен жол көлік апаты жылдан жылға көбейіп келеді. Оларды бақылау мүмкін болмай отыр дейді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, елімізде шамамен 80 мыңнан аса мопед бар.
«Биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. 48 адам қаза тапты, 1 024 адам жараланды», – деді министрдің орынбасары Игорь Лепеха.
Ал былтыр 750 жол көлік апаты тіркелген болса, 39 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 730 адам зардап шеккен.