Қарақшылық шабуыл жасап, шетел асқан азамат ұсталды 

78

Біраздан бері іздеуде жүрген күдікті, Ресей елінде қолға түсіп, Бас Прокуратураның бастамасымен Қазақстанға экстрадицияланды.

Күдікті 2023 жылдың тамыз айында Павлодарда біреудің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы иемдену мақсатында осы қылмысты жасау үшін танысымен қылмыстық келісімге келген.

Сыбайластар, жәбірленушіні таса жерге алып барып, әбден соққыға жыққан. Мұнан соң, қалтасындағы 200 мың теңгесін қағып алған. Салдарынан, ол азаматқа орташа ауыр дене жарақаты келген.

Күдіктілердің бірі, бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған, ал екіншісі шетел асып, қашып кеткен.

Ол, ағымдағы жылдың сәуір айында ол Ресей Федерациясының Түмен қаласының аумағында ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Егер, күдіктінің қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылмақ.

Алдыңғы пост
Трамп Путинді “соғысты өршітпеуге” шақырды
Келесі пост
Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті ме? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu