«Арым таза». Әнші Индира Елемес белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына байланысты пікір білдірді

455

Белгілі композитор, Арман Дүйсеновтің ұлы, Абылай Арманұлының өмірден озуы елді есеңгіреткен жаңалықтардың бірі болды. Әнші, Индира Елемес, өнердегі ағасының жертөледегі студияда жан тапсырғаны туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жария еткен болатын. Артынша, осы әрекеті үшін қоғамның талқысына қалған.

Талқыға түскен оқиғалардан соң, алғаш рет elitar.kz  ақпараттық порталына сұхбат берді. Әнші, бағдарламаға қатысудан бас тартқан, тек ұялғаннан барыпты.

«Мен негізінде, бір Алла куә, барғым келген жоқ ол жерге. Менің студиямда үш сағаттай күтті. Мен бара алмайтынымды айттым. Бірақ үш сағат күтті… Сонымен, қайтадан енді ұят болды. «Әруағын сыйласаңыз келесіз» дегенге келтірді. Сонымен бардым. Барсам, шынымен де, өзім ғана болдым. Енді «ұят» деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да, ақиқатын айттым. Мен, не жамандық айттым ол жақта? Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Ол – рас. Білмеймін, түсінбеймін. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де, көңіліме алмаймын. Себебі, мен білемін. Арым таза!»,- дейді Елемес.

Индира Елемес, бұл жағдайдан соң, арының таза екенін және ешкімге ешқандай зиян тигізбегенін мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі сын мен айыптаулардан қатты жараланғанын айтты. Тіпті, бірнеше күн бойы күйзелісте болғанын жеткізді.

«Енді басыма тиіп жатыр. Ешкімге қатты жаным ашып, тіпті бір жақсылық жасап тастауға болмайды екен… Осы уақыт, осы жасқа дейін ешкімге кедергімді тигізген жоқпын. Керісінше жақсылығымды жасамасам, жамандық жасап көрмегем»,-дейді әнші.

Бұл оқиғаға қатысты пікірлер әртүрлі. Кейбірі марқұм, Абылай Арманұлының өлімін қастандық деп бағаласа, басқалары оны кездейсоқ жағдай деп есептейді. Ал Индира Елемес, ақиқаттың ашылатынына сенеді.

«Ол жағдайды мен жібердім. Өйткені мен білемін. Жүз пайыз. Менің арым таза. Шынымен, Алла тағала өзі реттейді. Оның себебі неде екенін. 50/50 болып жатыр. Бірақ осы жақын арада себебі нақты айтылады. Айтылған кезде, сол жазған көптеген пікірлерге, білмеймін адамдар, сондай зұлым адамдар, қалай сондай нәрсе жазады. Үш-төрт күн үйде жатып қалдым. Бірақ, сосын мен не үшін былай жатуым керек дедім. Не істеп қойдым деген секілді. Алдағы уақытта тек қана…»

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен түрлі пабликтерде танымал продюсер, Баян Мақсатқызының мына пікірі қоғамды дүр сілкіндірді. Оның айтуынша, Абылай Арманұлы, қаза табар алдында, әнші Индира Елемес қатысқан бағдарламаны эфирге жібермеу туралы көмек сұрап хабарласқан:

«Бүгін өз әріптестерімнен қаралы хабар алдым. Досым Арман Дүйсеновтің баласы өмірден өтіпті. Бұл өте қайғылы хабар. Осыдан 10-12 күн бұрын, Арманның ұлы Абылай маған хабарласты. Ол осыған дейін мүлдем хабарласпаған. Ол «Баян әпке, сіздің көмегіңіз керек» деді. Бір теле-шоуда бірқатар танымал тұлғалар, Арман мен оның отбасы туралы жеке дүниелерді жеткізетінін айтты. Ол, сол бағдарламаның эфирге шықпауына ықпал жасауды сұрады. Ал, ол шоудың эфирге шығуына 2 сағат ғана қалыпты. Мен өте кеш екенін, көмектесе алмайтынымды жеткіздім. Абылай, әкесінің атынан жаман сөз ермесін деп қоңырау шалған болатын. Кейін оның анасы, хабарласып, ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол әкесін қатты жақсы көретін»,- деді Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде.

Қазіргі таңда, Алматы қаласы, Бостандық ауданының полиция басқармасы Абылай Арманұлының өліміне қатысты  тергеу жүргізуде.

 

Алдыңғы пост
Ұлын 4 адам жабылып қинап, терезеден лақтырып жіберген: Шырылдаған ана әділдік іздейді
Келесі пост
Талғар: Дүкендегі ерегістің видеосы тарады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu