Қазақстанда тыңайтқыштар өндіретін жаңа зауыт салынады 

182

Президенттің тапсырмалары аясында «ҚазАзот» АҚ өндірісті кеңейтіп, тыңайтқыштар өндіретін жаңа зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram желісінде жазылған.

«2012 жылдан бері біз өндірісті жаңғыртуға, экологиялық құрамдас бөлігін жақсартуға $350 млн-ға жуық инвестиция салдық. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарына және одан әрі терең өңдеу үшін жаңа көмірсутектерді іздеуге үлкен қаржы жұмсалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір елімізде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліліп келеді, бұл үшін міндетті түрде тыңайтқыштар қажет. Осыны ескере отырып, біздің компания жаңа жобалауға кірісті. Біз қазір мердігерді таңдау сатысындамыз.

Жаңа зауыт қосымша 500 мың тонна аммиак селитрасын шығарады. Өнімнің қосымша түрі – карбамид жоспарлануда. Бұл сонымен қатар бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын азотты тыңайтқыш. Біз Мемлекет басшысының Жолдауын қызығушылықпен тыңдадық, Президент Жолдауда Үкіметтің 17 ірі инвестициялық жобаны бекіткенін және біз осы тізімге енгенімізді атап өтті. Біздің «ҚазАзот» АҚ компаниялар тобына кіретін KazAzot Prime жаңа жобаны іске асыруды белсенді жүргізіп келеді», — деп атап өтті «ҚазАзот» АҚ бас директоры Арман Мәулешев.

Алдыңғы пост
«Қазпошта» АҚ-ның бюджетіне қол сұққан азамат сотталды
Келесі пост
«Каспий» су тұщыту зауыты қуатын арттырады  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu